Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021 жылы 15-23 қараша аралығында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне іс-шаралар есебі
25
ноябрь
2021

2021 жылы 15-23 қараша аралығында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне іс-шаралар есебі

№176 мектеп - гимназия КММ
2021 жылы 15-23 қараша аралығында
«Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне іс-шаралар есебі
15-ші қараша күні «Өзін-өзі тану» пәні аясында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне орай мектепте өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Отбасы дәстүрлері» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді. Мектеп оқушылары ата-әже, ата-ана, аға-әпке, іні-қарындастарына арналған өлеңдер оқыды, әндер айтты, жоғары сынып оқушылары викториналық ойынға қатысып өз білімдерін көрсетті. Іс-шара өте қызықты әрі тартысты өтті, балалар отбасы құндылығының мәнін ұғынды.
16-шы қараша күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Есембаева Гүлден 8 «Б» сыныбында «Қайырымдылық көкжиектері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта инновациялық технологиялар мен әдістер пайдаланып, жаңаша форматта, өте жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар сабақтан кейін қарйырымды болуға уәде берді
​17–қараша күні мектеп психологы Қосалиева Айдана 10 «Д» сыныбында «Ішкі сұлулық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар қазіргі кездегі мәселелерді қозғап, тартысты өтті. Мұғалім балаларға орынды әрі өзекті сұрақтарды қоя білді.
18 – қараша күні өзін-өзі тану пәні мұғалімі Есенжолова Ақерке 6 «З» сыныбында «Өзгелермен үндесу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта дұрыс әрекет құндылығының мәні толықтай ашылды. Балалар ролдік ойындар, жағдаяттар шешу арқылы адал достық пен арам достық ұғымдарын айыруды түсінді. Сабақ қызықты өтті.
19–қараша күні мектеп психологы Тойбазарова Самал 11-сыныптар арасында «Мінез-құлықты тәрбиелеу» тақырыбнда пікірталас өткізді. Балалар аса үлкен дайындықпен келгендігін көрсетті. Пікірталас өте тартысты өтті.
20 –қараша күні Нуридин Қаламқас 5 «Г» сыныбында «Сенің сұлулығың мейрімділігіңде» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытудың жаңа әдістерін қолдану арқылы өте қызықты әрі балаларға отбасын, ата-ананың қадірі мен өмірдегі маңыздылығын көрсетіп, ой салып, жүректерін тебіренткен ерекше сабақ болды. Сондай-ақ Есембаева Гүлден 7«Г» сыныбында «Өзін – өзі тану – әлемді тану» тақырыбында аралас сабақ өткізді. Оқушылардың «өзін-өзі тану» пәніне деген қызығушылықтары артып, ерекше әсерде болды.
22-қараша күні өзін-өзі тану пәні мұғалімдері 1-11 сыныптар аралығында «Сүйіспеншілік адамге ршіліктің басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет оның шынайы – өмірі» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
23-қараша күні барлық сыныпта сынып жетекшілер «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне байланысты «Жалпыадамзаттық құндылықтар бақытты өмір негізі» атты тақырыпта республикалық біріңғай сынып сағаттарын өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: