«Алтын сақа» төсбелгісімен марапатталды
№176 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқтарбай Рауан Тоқтарбайұлы ұлттық ойынымыз «Асық ату» спортын дамытуға қосқан еңбегі үшін «Алтын сақа» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат – ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпаққа ұлттық рухты сіңірудегі табанды еңбектің нәтижесі.