15
март
2021
"Мамандық таңдау - маңызды іс" тақырыбында жоба қорғау сайысы
Алматы қаласы,Наурызбай ауданы,176 мектеп-гимназиясында 13 наурыз күні "Ғажайып жетілік" тобының жетекшілері Мотаева Айгерім мен Шынарбек Еркегүлдің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында "Мамандық таңдау - маңызды іс" тақырыбында жоба қорғау сайысы өткізілді. Мақсаты:креативті ойлайтын интеллектісі жоғары,өзіне сенімді,өзара ынтымақтастықты орната алатын жастарды дамыту және оларды жетістікке жетелеу. Жоба қорғау барысында: 8 "А" сыныбы "Адам-техника", 8 "Ә" сыныбы "Адам-адам", 8 "Б" сыныбы "Жойылып кеткен мамандықтар", 8 " Г" сыныбы "Адам-бейнелеу өнері", 8 "Д" сыныбы "Адам-табиғат", 8 "Е" сыныбы "Болашақта пайда болатын мамандықтар" тақырыбын қорғады. Оқушылардың үлкен дайындықпен келгені, жан-жақты ақпарат ізденгендігі, өз ойларын шебер жеткізе білуі, тақырыпты аша білуі жоғарғы деңгейде болды.
Нәтижесінде:
🥇8 "Б"сынып оқушылары; 🥈8 "Ә"сынып оқушылары; 🥉8 "Е" сынып оқушылары иеленді.
Белсенділік көрсетіп, сайыстың қызықты да тартысты өтуіне атсалысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз.
Нәтижесінде:
🥇8 "Б"сынып оқушылары; 🥈8 "Ә"сынып оқушылары; 🥉8 "Е" сынып оқушылары иеленді.
Белсенділік көрсетіп, сайыстың қызықты да тартысты өтуіне атсалысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз.