Ашық сабақтар МИФ
№176 мектеп-гимназиясында 3 ақпан күні «Жаратылыстану-математика» кафедрасының математика, информатика және физика пәндерінің апталығы барысында информатика пәні мұғалімдері Байбатырова Нұргүл 9 «А» сыныбында «Python программалау тіліндегі бір өлшемді массивтерге есептер шығару», Борисова Инара 5 «D» сыныбында «Робототехника тарихы мен перспективалары» тақырыбында онлайн-ашық сабақтар өтті. Оқытудың жаңа әдістерін жете меңгерген ұстаздар ақпараттық технологияны тиімді пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділіктері мен іскерліктерін арттыру жолында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды берді. Сабақтың әр кезеңінде мұғалім қолданған әдіс-тәсілдері оқушының өз бетінше ізденуге дағдыландыруға, пәнге деген қызығушылығын оятуға, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған. Робототехникаға байланысты оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. Сабақтар қызықты өтіп, өз мақсатына жетті.