«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...» » №176 мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
"№176 мектеп-гимназия"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Бухгалтерия
+7(727) 398-69-84
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...»
15
декабрь
2020

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...»

Тәуелсіздік мерекесіне орай құрылған мектепішілік жоспарға сәйкес, желтоқсаншылармен кезекті онлайн кездесу «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б. Жақсылықованың ұйымдастыруымен өтті. Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған аға-апаларымен  кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында өткен кездесуге аудандағы желтоқсаншылар төрайымының орынбасары Серікбек Дүйімбайұлы, Нұрымжан Керейұлы және Шоқан Муасжан  қатысты. Келелі кездесуде сөз алған ардагерлер өздерінің өмірлерінен сыр шертіп, бүгінде тарих төрінен орын алған Тәуелсіздікке қалай жеткені жайлы оқиғаларын айтып берді. Өскелең ұрпақтың әрқайсысының жүрегі «Тәуелсіздік» деп соғуға тиіс екенін жеткізуге бағытталған кездесу жоғары деңгейде өтті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: