«Ақ шағала» қалалық хореграфиялық фестиваль-байқауының мектепішілік кезеңі » №176 мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
"№176 мектеп-гимназия"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Бухгалтерия
+7(727) 398-69-84
Версия для
слабовидящих
» » «Ақ шағала» қалалық хореграфиялық фестиваль-байқауының мектепішілік кезеңі
09
февраль
2024

«Ақ шағала» қалалық хореграфиялық фестиваль-байқауының мектепішілік кезеңі

Бүгін мектебімізде Алматы қаласы, Управления образованияның ұйымдастыруымен «Ақ шағала» қалалық хореграфиялық фестиваль-байқауының мектепішілік кезеңі 10-16 жас оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Байқау шарттары: байқауға қатысушылардың жасы бойынша орта жастағы және жоғары жастағы топтар болып бөлінеді. Көрсетілген ереже бойынша топ құрамы 8 адамнан тұруы қажет. Номердің ұзақтығы 5 мин аспауы тиіс. Байқауда Би композициясы көркемдігінің тұтастығы, қатысушылардың орындаушылық және әртістік шеберлігі, байқау номерінің оқушы жасына сай болуы, кастюм мен гримнің номерге сай келуі, музыкалық материалдың таңдалуы мен сапасына назар аударылды.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынады.
Әділ-қазы алқаларының шешімімен би топтары марапаттарға ие болып, “Балдәурен” би тобы аудандық кезеңге жолдама алды.
Сәттілік тілейміз‼️‼️‼️‼️
Ұйымдастырушы: ДТІЖО және Мектеп тәлімгері
@kusainova.s.a @oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty @nauryzbay_bilim_bolimi

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: