Республика күні – ұлттық мереке. » №176 мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
"№176 мектеп-гимназия"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Бухгалтерия
+7(727) 398-69-84
Версия для
слабовидящих
» » Республика күні – ұлттық мереке.
20
октябрь
2023

Республика күні – ұлттық мереке.

Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналды.
Республика күні халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарлармалар қойылып халық шад-шадыман күйде жүреді. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды. Бұл бұрынғы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы.
Келе жатқан Респулика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз‼️‼️‼️

Ұйымдастырушылар: Бастауыш сынып мұғалімдері және көркем еңбек пән мұғалімдері
@kusainova.s.a @oqu_agartu_ministrligi @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @edu.almaty @amanat.partiyasy @almaty_amanat

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: