09
сентябрь
2021
Жол қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әңгіме жүргізілді.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназияда қыркүйек айының 7 күні мектеп инспекторы А.Т. Абишова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ә.Досқалиев бастауыш сыныптары мен 5-11 сыныптар арасында мектеп тәртібі, жол қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында сабкқа жиі кешігіп келу, сабақтан себепсіз қалу және ұрлық, зорлық-зомбылық, түнгі уақытта 22:00 ден кейін ата-анасыз жүруге тиым салынатыны айтылып ескертілді. Және мектеп формасы , шаш үлгілері , аяқ киімдері де қаралып, ескертулер берілді. 9-11 сынып оқушылары арасында ҚР қылмыстық кодексінің №190 және №122 бабы бойынша әңгіме жүргізілді.