Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп ..." сайысы
01
май
2021
"Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп ..." сайысы
ҚР Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының қолдауымен 4-сынып оқушылары арасында Қазақ поэзиясының қара нары, жүйрік ақын Жүрсін Ерманның 70-жылдық мерейтойына орай "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп ..." тақырыбында өткізілген қалалық онлайн өлең оқу байқауына қатысып, І орын иегері атанған 176 мектеп-гимназиясының 4"Д" сынып оқушысы Акімбек Дария марапатталды. Шәкірттеріміздің тек биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз! 💐💐💐
"Жас Дарын-2021" байқауы
23
апрель
2021
"Жас Дарын-2021" байқауы
Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы қашықтықтан ұйымдастырған "Жас Дарын-2021" атты балалар байқауында "Шығарма" аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының оқушысы Мамутхан Анель марапатталды. Шәкіртінің жеңісі - ұстазының жемісі. Шәкірттеріміз биік белестерді бағындыра берсін!
"Көктем самалы" атты байқауы
19
апрель
2021
"Көктем самалы" атты байқауы
Республикалық "Дара бала" журналының қолдауымен ұйымдастырылған мектеп жасындағы балалар арасында өткен "Көктем самалы" атты байқауда "Эстрада вокал" аталымы бойынша өнер көрсетіп, ерекше өнерімен көрермен көзайымына айналған, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясы 2 "А" сынып "Жас Ұлан" тобының мүшелері І дәрежелі дипломмен марапатталды. Дарынды балапандарымыздың бағындырар белестері көп болғай! Жетекшісі: Маханбетова Жеңіскүл
"Елбасы Медалі"
03
апрель
2021
"Елбасы Медалі"
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының 9"Ә" сынып оқушысы Батан Аяна "Елбасы Медалі" жобасына қатысып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің атындағы "Елбасы медалінің" қола медаль🏅 иегері атанды.  «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық бағдарлама. Негізгі 7 бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты интеллектуалдық сайыс
18
март
2021
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында 19 наурыз күні «Ғажайып жетілік» тобының жетекшілері Кенжебек Ләззат және Серік Мөлдірдің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беру, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Отанды сүюге, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге, құрметтеуге дағдыландыру. Ұлттық
"Елбасы Медалі" жобасы
12
март
2021
"Елбасы Медалі" жобасы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының 11"Г" сынып оқушысы Иманберлиева Арайлым, 10"Ә" сынып оқушысы Серикханова Зәуреш, 9"Ә" сынып оқушысы Барлыбай Аяжан "Елбасы Медалі" жобасына қатысып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің атындағы "Елбасы медалінің" қола медаль🏅 иегерлері атанды.  «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық бағдарлама. Негізгі 7  бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен
Ғылыми жобалар конкурсы
25
февраль
2021
Ғылыми жобалар конкурсы
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен оқушылардың ғылыми жобалар конкурстарының "Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны" бағыты, "Жер және космос туралы ғылымдар" секциясы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен №176 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Оразалина Айғаным марапатталды. Парасатты ұрпақ - ел мақтанышы!
"Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев атты республикалық байқауы
20
февраль
2021
"Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев атты республикалық байқауы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, "Жаңа Білім - New-Edu.kz" ақпараттық білім беру ортаталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында "Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев атты республикалық байқауының "Мәнерлеп оқу" номинациясына қатысып, ақын өлеңін көркем оқу шеберлігімен танылғаны үшін №176 мектеп-гимназиясының 5 "В" сынып оқушысы Амангелді Хангелді ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 💐💐💐Шәкіртіміздің бағындырар белестері көп болғай!
"Алтын жүрек" атты республикалық балалар шығармашылығы фестивалі
13
февраль
2021
"Алтын жүрек" атты республикалық балалар шығармашылығы фестивалі
"Бөбек - ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Алтын жүрек" атты республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, сурет байқауы бойынша №176 мектеп-гимназиясының оқушысы Уақпаева Анна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісі: Тойбазарова С.
"Алтын асық" олимпиадасы
11
февраль
2021
"Алтын асық" олимпиадасы
Алматы қаласы "Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №176 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын асық" олимпиадасына қатысып, №176 мектеп-гимназия оқушылары жүлделі І,ІІ және ІІІ орын иегерлері атанды. Білімді ұрпақ - жарқын болашықтың кепілі. Бағындырар белестеріңіз көп болғай!