"Оқушылардың «Адам, Жер, Ғалам» қашықтан өткен Республикалық турнирі » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқушылардың «Адам, Жер, Ғалам» қашықтан өткен Республикалық турнирі
21
ноябрь
2020

"Оқушылардың «Адам, Жер, Ғалам» қашықтан өткен Республикалық турнирі

22.11-29.11.2020 жылы Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК-ң Обсерваториясында М.Әбділдин атындағы "Оқушылардың «Адам, Жер, Ғалам» қашықтан өткен Республикалық турнирінде" Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының "Жұлдыз империясы" командасы 2-орынды иеленді. 

Мақсаты: Мектеп оқушыларының ғарыштық білім алуын дамыту және дарынды балаларды қолдау, оған қоса жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға қызығушылығын арттыру, космостық бағыт бойынша ғарыш, ғарыштық технологияларды зерттеу және олар туралы білімдерін тәжірибеде қолдану бойынша факультатив, үйірмелер жұмыстарын жандандыру, дарынды оқушаларды анықтау, мамандық таңдауға көмектесу. 

Команда құрамы 5 оқушыдан жасақталды:

1. Нұрланқызы Айым 8 «А» сыныбы

2. Мыңжасар Дария 8 «А» сыныбы

3. Жумагулов Азат Бауржанович 9 "Е" сыныбы

4. Барлыбай Аяжан Әбдінұрқызы 9 «Ә» сыныбы

5. Ысқақ Айбек Ерлікұлы 10 «В» сыныбы 

Команда жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Серік Мөлдір Қайырболатқызы

Команда аты: Жұлдыз империясы 

Команда ұраны: "Жұлдыз империясы" тобынан біз боламыз, 

Жүректерде мәңгі бақи соғамыз.

Зымырандай жарық жылдамдығымен ұшамыз. 

Бақталасқа тілейміз де сәттілік.

Білімменен басып бәрін озамыз.  Алдағы уақытта да оқушыларымыздың білім бәйгесінде оза шабуына, биіктерді бағындыруына шын жүректен тілектеспіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: