" Қазақтың күйші қызы - Дина" тақырыбында ашық тәрбие сағаты » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Қазақтың күйші қызы - Дина" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
16
март
2021

" Қазақтың күйші қызы - Дина" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының 8"Е" сыныбының сынып жетекшісі Бекжанова Жанна қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған ,ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантты, күйші - композитор халық әртісі,қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай "Қазақтың күйші қызы - Дина" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында күй өнерінің тарихы, Дина Нұрпейісованың туа біткен дарыны мен өнері жайлы көптеген қызықты ақпараттар берілді. Ашық сабаққа қонақ ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, домбыра кафедрасының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, Дина Нұрпейісова атындағы байқаудың лауреаты - Әлина Әсел ханым қатысып, домбырада ойнау шеберлігімен оқушыларды тамсандырып, әсем әуен сыйлады. 
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз осындай тума таланттарға кенде емес.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: