Ұлдар жиналысы » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлдар жиналысы
08
февраль
2021

Ұлдар жиналысы

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының 6-7 сынып ұлдарына "Жігітке жеті өнер де аз" тақырыбында, 8-11 сынып ұлдарына "Ер азамат атына лайық бол!" тақырыбында бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді. 

Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, сондықтан баланы тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келешекте үлгілі отбасы иесі ретінде тәрбиелеу басты мақсат. Өйткені ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: