"Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл" » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл"
25
декабрь
2020

"Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл"

Міне, тағы бір жыл да тарих қойнауына кетіп, төрімізге келер Жаңа жылға да санаулы күндер қалды. Баршамыз Жаңа жылдан бізге не берер деген үміт пен жақсылықтар күтеміз. Осы мерекеге орай, №176 мектеп-гимназиясының 1 "А" сынып жетекшісі Дүншебаева Арай биыл мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге "Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл"🎄" тақырыбында жаңа жылдық онлайн кеш өткізді. Мақсаты: қиял-ғажайып ертегі кейіпкерлері арқылы, балаларды ертегі әлеміне саяхаттау, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу, Аяз атаның өнегелік сөздерімен қанаттандыра отырып, естеріне қалатындай көңілді кеш сыйлау. Осындай ғажайыптарға толы мереке қарсаңында балалар керемет көңіл-күйге бөленді. Балалар Аяз атаға дайындаған тақпақтарын айтып, жаңа жылдық әндер шырқады және Аяз атадан Жаңа жылдық сыйлықтарын алды. Келе жатқан Жаңа жыл берекелі, табысты болып, әр отбасыда қуаныш пен шаттық болсын!


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына жыл арайлы!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: