Мектепке барар күн жақын: жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке барар күн жақын: жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар
19
август
2021

Мектепке барар күн жақын: жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. 1 қыркүйектен бастап барлық оқушы пандемияға дейінгідей дәстүрлі форматта оқиды. Алайда мектеп ішіне тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, мұндай қадам педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналардан инфекция таралуының алдын алу үшін жасалып отыр.

Білім министрлігі оқу мекемелері үшін жаңа ереже енгізді. Сондықтан мектеп мына талаптарды сақтауы керек:

- оқушылар мен мұғалімдердің бетперде тағып жүруі;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің дене қызуын тексеру;

- қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бөлмелерде дезинфекциялау және кварцтеу жүргізу;

- білім беру мекемесін дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау;

- бір сыныпты бір кабинетте оқыту;

- бұқаралық, мәдени және спорт шараларын өткізуді шектеу;

- сабақ кестесін санитарлық талаптарды есепке ала отырып дайындау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: