Тұңғыш Президент күніне орай қалалық онлайн эстафета » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұңғыш Президент күніне орай қалалық онлайн эстафета
26
ноябрь
2020

Тұңғыш Президент күніне орай қалалық онлайн эстафета

Емірентті еркін сезім шақтары,
Елжіретті қазағымды бақ таңы.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы –
егеменді Қазақстанның мақтаны!
Талқысымен тайталасқан тың күші,
Туын тікті Бостандықтың – құнды ісі.
Тумысынан парасатты Президент – 
Тәңір берген Тәуелсіздік тұңғышы!
Алып империя құлағаннан кейін 1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Шекарамызды айқындап, заңды құжатқа айналдырды. Заңымызды, мемлекеттік Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты. Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Эстафетаны Алматы қаласы, Алатау ауданы, №201 мектеп-гимназиясының @201.gimnaziya оқушыларынан қабыл алып, Алматы қаласы, Медеу ауданы, № 159 гимназияның @159gymnasium оқушыларына жолдаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: