Оқушылары “Мен және менің полицейім” атты республикалық акция барысында Алматы қаласы Полиция департаментіндегі мұражайға экскурсияға барды. » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылары “Мен және менің полицейім” атты республикалық акция барысында Алматы қаласы Полиция департаментіндегі мұражайға экскурсияға барды.
18
апрель
2022

Оқушылары “Мен және менің полицейім” атты республикалық акция барысында Алматы қаласы Полиция департаментіндегі мұражайға экскурсияға барды.

2022 жылдың 18 сәуір күні №176 мектеп-гимназиясының оқушылары “Мен және менің полицейім” атты республикалық акция барысында Алматы қаласы Полиция департаментіндегі мұражайға экскурсияға барды.
Алматы қаласы полиция департаментінің мұражай меңгерушісі Бегалы Шотыбаевич Баракат оқушыларды ішкі істер органдарының тарихымен таныстырды. Сондай-ақ, 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында лаңкестерді құрықтау кезінде қызмет бабында қайтыс болған Ғазиз Байтасовтың ескерткіш суреті мен ерлігі жазылған тақтаны көрсетіп, оның батыл, қайсарлығы туралы әңгімелеп берді. Мұражай меңгерушісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін осыған дейін басқарған генералдардың фотосуреттерін көрсетіп, олар туралы қысқаша мәліметтерді мысалға келтірді. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі байланыс құралдары мен қару жарақтары көрсетілді. Экскурсия барысында оқушылар спорттық, мәдени-қоғамдық іс-шараларда жеңіп алған ІІМ қызметкерлерінің марапаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен танысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: