Материалы за Сентябрь 2020 года » №176 мектеп-гимназиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№176 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 381-86-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-69-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2020 года
«Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» атты 9-сыныптар арасында жарыс
29
сентябрь
2020
«Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» атты 9-сыныптар арасында жарыс
176 мектеп-гимназиясында тілдер мерекесіне орай "Ғажайып жетілік" тобының жетекшілері Серік Мөлдір мен Кенжебек Ләззаттың ұйымдастыруымен жүргізілетін «Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» атты 9-сыныптар арасында жарыс ұйымдастырды. Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту
ҚР Білім және Ғылым Министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет Грамотасы
28
сентябрь
2020
ҚР Білім және Ғылым Министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет Грамотасы
2020-2021 оқу жылы мектебіміздің ұстаздары үшін сәтті басталуда.Оның айғағы ретінде, орыс тілі пәнінің ұстазы Бакенова Ақмарал Жақсыбекқызы ҚР Білім және Ғылым Министрі А.Аймағамбетовтің "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталғанын айтуға болады. Бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесіңізге алғыс айта отырып, еңбегіңіздің жемісін көріңіз деп тілейміз!
"Тіл - достықтың алтын көпірі" атты  конкурсының нәтижесі
26
сентябрь
2020
"Тіл - достықтың алтын көпірі" атты конкурсының нәтижесі
Тілдер мерекесіне орай 176 мектеп-гимназиясында "Ғажайып жетілік" тобының жетекшілері Серғазы Рабиға, Рахатова  Алма, Арынтаева Айдананың  ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасынан  қылқалам шеберлерінің анықтау мақсатында  өткен "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты  конкурсы өз мәресіне жетті.  Жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы 25 қыркүйек күні 21:00-де анықталды. Бас жүлде (712 дауыспен) 5"В" сынып оқушысы  Серікболат Мирас  1-орын (152 дауыспен) 5"В" сынып оқушысы Муканбеткалиев Тамерлан
"Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" атты  сайысымыздың қорытындысы
25
сентябрь
2020
"Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" атты сайысымыздың қорытындысы
9-сыныптар арасындағы "Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" атты  сайысымыз өз мәресіне жетті.  1-кезең: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні бойынша  тест жұмысы (қашықтан)  2-кезең: «Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» тақырыбында эссе жазу. 3-кезең: Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінді оқу.  3 кезең бойынша оқушыларымыз  белсене қатысып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:   1-орын: 9 «Ә» сыныбы 44 ұпай 2-орын: 9 «Б» сыныбы  41 ұпай 3-орын: 9 «Д» сыныбы 40 ұпай 3-орын: 9 «Г» сыныбы 39 ұпай 9 «А»
Президент жолдауы
24
сентябрь
2020
Президент жолдауы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Нұр Отан» партиясының мүшесі А.Мергенбаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына мектеп ұжымымен бірге талдау жасады. Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелерге тоқталып, қазіргі ахуалды назарға ала отырып, болашақтағы ұлт дамуының жоспарына байланысты сөз қозғады. Мектеп мұғалімдері де өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты.
«Сүйікті қалам – Алматым»  тақырыбында қашықтан ұйымдастырылған қалалық байқаудың  авторлық өлең орындау номинациясы бойынша
23
сентябрь
2020
«Сүйікті қалам – Алматым» тақырыбында қашықтан ұйымдастырылған
Алматы қаласы күнін мерекелеу қарсаңында дарынды балалар мен талантты жастарға арналған «Сүйікті қалам – Алматым»  тақырыбында қашықтан ұйымдастырылған қалалық байқаудың  авторлық өлең орындау номинациясы бойынша мектебіміздің 5 В сынып оқушысы Кейкі Аянәли қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, Алматы қаласы Білім басқармасының дипломымен марапатталды. Бүлдіршінімізді жеткен жетістігімен шын жүрегімізбен құттықтаймыз!
"Тіл - достықтың алтын көпірі" тақырыбында сурет салудан байқау
22
сентябрь
2020
"Тіл - достықтың алтын көпірі" тақырыбында сурет салудан байқау
Тілдер мерекесіне орай 176 мектеп-гимназиясында "Ғажайып жетілік" тобының жетекшілері Серғазы Рабиға, Рахатова  Алма, Арынтаева Айдананың  ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасынан  қылқалам шеберлерінің анықтау мақсатында "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты  конкурсы ұйымдастырылып жатыр.  Конкурстың басты шарты "Тіл - достықтың алтын көпірі" тақырыбында сурет салу. Жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы 25 қыркүйек күні 21:00-де анықтаймыз.  Ұнаған суреттің реттік номерін комментарийге жазып,
«Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында онлайн форматта ашық тәрбие сағаты
22
сентябрь
2020
«Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында онлайн форматта ашық тәрбие
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына «Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында онлайн форматта іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру, іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.