» Материалы за Апрель 2014 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

№176 мектеп-гимназияның 2012-2013 оқу жылында жеткен жетістіктері туралы қысқаша мәлімет

Автор: admin от 1-04-2014, 17:25, посмотрело: 6248

0

№176 мектеп-гимназияның 2012-2013 оқу жылында жеткен жетістіктері туралы қысқаша мәлімет

№176 мектеп-гимназия ұжымы биылғы оқу жылында біраз жетістіктерге қол жеткізді. 11 сынып оқушылары Халықаралық ғылыми жоба байқауларына қатысты: Орынбасарова Назым ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» тақырыбында 2013 3-7 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен Х/қ ғылыми жобалар конкурсына (жетекшісі Құныпияева Ш) қатысса, ал Омарханова Арай «Математикадан Еуропалық студенттердің /EURO MATH 2013/ конференциясына» қатысып келді (жетекшісі Құдайбергенова А). Қалалық пән олимпиадасы бойынша 9 сынып оқушылары Ғалым Бекжан физика пәнінен III орын /мұғ.Қарабекова Қырымгүл/, математика пәнінен Қалдыбек Нұрбала III орын /мұғ.Құдайбергенова Айсұлу/, ал қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 10 сынып оқушысы Рақымжан Нұржанат III орын /мұғ. Кульпеисова Гулзайра/. 2012-2013 оқу жылында аудандық пән олимпиадасынан 27 оқушы орын алып, оның ішінде 14 оқушы III  орын, 10 оқушы II орын, 3 оқушы I орынға ие болды.

Тарих пәнінің мұғалімі Қаймолдина Қарлығаш Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда «Оқыту жүйесін ұрпақ реформалау алдындағы борышымыз» атты баяндама жасады.  10 сынып оқушысы Мырзағалиев Азамат «Тұран» университетінің ұйымдастырумен өткен Республикалық ғылыми жоба байқауында  «Жүздердің шығу тарихи негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап,  III орынға ие болды /жетекшісі Қайранбаев Бахыт/.

«Жарқын болашақ» KATEY қазақ тілі олимпиадасы бойынша: Қуанышбекова Нұрсұлу 11 сынып оқушысы «Тілші әдебиетшілер» конкурсы бойынша  II орын /мұғалімі Елшібекова Шолпан/, Самат Арайлым  10 сынып оқушысы «Сөз шебері» конкурсы бойынша II орын; Қалдыбек Нұрбала 9 сынып оқушысы «жас ғалымдар» конкурсы бойынша III орын; Құттыбадам Ақерке 10 снып оқушысы «Жазушылар» конкурсы бойынша III орын.

«Алматы қаласы күні» мерекесіне арнайы өткен «Алматы-арман қала» жыр мүшайрасынан 10 сынып оқушысы Нұрғожа Аяулым мақтау /мұғалімі Елшібекова Шолпан/ грамотасын алды. «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында өткен КВН сайысында «Бойжетпегендер» командасы II орын алды. Қалалық шығармалар байқауы бойынша «Отан-алтын бесігім!» тақырыбында Әбіжан Ақнұр 9 сынып оқушысы II орын, «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында Ғазизова Аида 9 сынып оқушысы III орынға ие болды /мұғалімі Елшібекова Шолпан/.

Бастауыш сыныптар бойынша жеткен жетістіктеріміз: Республикалық ғылыми жоба байқауынан 4 сынып оқушысы Мейірман Алуа II орын /мұғалімі Системхан Бахытжан/, Республикалық ғылыми жоба байқауынан 3,4 сынып оқушылары Бекешова Диана, Сыдықов Ерасыл II орын /мұғалімі Кенжетаева Жайнар/. Қалалық кезеңнен ғылыми жоба бойынша Сатыбалды Ақниет, Жаирбай Адай, Мырзағали Рахат II орындарға ие болды /мұғалімі Парменова Маржан/.  Парменова Маржан аудандық «Үздік педагог» байқауында II орынға ие болса, ал Наурызбаева Альбина аудандық «Сынып жетекші-2013» байқауында II орын алды.

Электронды оқулық авторлары Фазылова Айгүл ( 2 сынып, Қазақ тілі); Ақпаев Ерлан (3 сынып, Қазақ тілі); Сүйіндікова Гулнар (2 сынып, Қазақ тілі); Құрманғалиева Кенжегул (3 сынып, математика, халықаралық авторлық), Бейіналды элективті курстарды оқытудың бағдарламалары қалалық сараптамадан өтті. Мектебіміздің мұғалімдері дайындаған төмендегі бағдарламалар ұсынылып, сараптамадан өтті.

 

1.     Жанпейсова Б.С., Дүншебаева А.С. «Сауат ашу курсы» 1 сынып оқушыларына арналған;

2.     Салимканова Г.К., Фазылова А.Т. «Логика курсы» 1-4 сынып оқушыларына арналған;

3.     Сүйіндікова Г.С., Асқарова Б.Ә. «Қазақ тілі курсы» 2-4 сынып оқушыларына арналған;

4.     Сүйіндікова Г.С., Фазылова А.Т. «Көркем жазу курсы» 1-4 сынып оқушыларына арналған;

5.     Парменова М.С., Байғожина А.Б. «Шешендік өнер курсы» 1-4 сынып оқушыларына арналған;

6.     Сүйіндікова Г.С.; Асқарова Б.Ә. «Ұлттық дүниетаным курсы» 4 сынып оқушыларына арналған;

7.     Жұмаділова Р.Н.  «Химия» 9 сынып оқушыларына арналған, «Химия» 11сынып оқушыларына арналған, қоғамдық –гуманитарлық бағыт, «Химия» 11 сынып, жаратылыстану-математикалық бағытқа арналған, «Химия» мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралы 9 сынып. «Химия» мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралы 11 сынып.

2012 жылдың маусым айында Түрік Республикасы Анталия қаласында өткен Халықаралық «АРТ-ОЛИМП» ән байқауының лауреаттары: 4 сынып оқушысы Орынбасар Ерасыл, 4 сынып оқушылары Қуаныш Айгерім, Орынбасар Абылай. 2013 жылдың сәуір айында Көкшетау қаласында өткен Республикалық «Тайжарыс» радиофестивалінде 5 оқушы қатысып, 4-і жүлделі орындарға ие болды.  Олар: «Жұлдыз-ай» триосы I орын, Ақылбекова Әсем 2 сынып оқушысы II орын, Кәкімов Айхан 6 снып оқушысы II орын, Жұмабекова Дана III орын және т.б. оқушылармыз қалалық, аудандық орындарға ие болды, жетекшісі Маханбетова Жеңіскүл.

Спортағы жетістіктеріміз: Қол күресінен 9 сынып оқушылары Тілеш Асылжан, Мұратбек Айша аудандық, қалалық I орын иегерлері; Тілеш Асылжан ҚР Бодибилдинг және фитнес бойынша IY ашық чемпионатында II орын /мұғалімі Омарғазинов Далелхан/, Ақжолтай Анель, Ержанова Айдана дойбыдан аудандық, қалалық I орын иегерлері /мұғалімі Омарғазтнов Далелхан/, тоғызқұмалақтан Жұмадін Дархан ауданда I орын, Сүлейман Самад қалада I орын /мұғалімі Тұрысқұлов Ғазиз/; баскетболдан Мұқанов Асылбек III орын /мұғалімі Ташметов Біржан/.

 

Категория: Информация